МәдениетТуризм
Тренд

Жезқазған әуежайында этно-киіз үй форматындағы алаң ашылды

Жезқазған қаласы әуежайы аумағында дәстүрлі қазақ киіз үйі үлгісінде жасалған этно-алаң пайдалануға берілді. Жоба Ұлытау облысы әкімдігі мен «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асқан.

Бастаманың негізгі мақсаты — «Ұлытау облысы» брендімен таңбаланған сувенирлік өнімдерді өндіру және сатудың әлеуметтік кәсіпкерлік моделін қалыптастыру. Сонымен қатар өңірдің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, туризмді дамыту және жергілікті қолөнершілерді қолдау көзделген.

Қазіргі таңда этно-алаңда ұлттық нақыштағы этно-сувенирлер мен жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдары ұсынылып отыр. Мұнда логотиптер, брошьтар және қолдан жасалған кәдесыйлар бар. Өнімдердің барлығы «Дара жүрек» қоғамдық қоры орталығындағы ерекше балалар мен олардың аналарының қолынан шыққан.

Жоба авторларының айтуынша, этно-киіз үй отандық брендтерді дәріптеп қана қоймай, даму ерекшелігі бар балаларды қолдауға және өңірдің негізгі туристік нүктелерінің бірінде тұрақты сауда алаңын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қатысушылар санын арттырып, өнім түрлерін көбейту жоспарланып отыр.

Back to top button