Басты жаңалықҚоғам

Азаматтық жауапкершілік – әр азаматтың таңдауы

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Комиссия мәліметінше, референдумға қатысу құқығын жүзеге асыру үшін әр азаматтың дауыс беруге құқығы бар тұлғалар тізіміне енгізілуі – негізгі шарт. Бұл тізімдер жергілікті атқарушы органдар тарапынан азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуі негізінде жасалады. Ал уақытша тіркеуде тұрған азаматтар тиісті өтініш беру арқылы тізімге енгізіледі.

Дауыс беру учаскелері мен олардың шекаралары туралы ақпаратты әкімдіктер 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялауы тиіс. Азаматтар өз учаскесін анықтап, тізімге енгізілген-енгізілмегенін тіркелген мекенжайы бойынша жергілікті атқарушы органнан біле алады.

Сондай-ақ, егер азаматтың аты-жөні тізімде болмаса, ол әкімдікке өтініш беру арқылы мәселені шешуге құқылы.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап әрбір азамат өз дауыс беру учаскесіне барып, референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі жеке деректерін тексере алады. Қажет болған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясына жүгініп, өзгерістер енгізуге мүмкіндік беріледі.

Орталық референдум комиссиясы тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды.

Back to top button