Спорт
Ұлытаулық дзюдошы Азия кубогінде қола медаль жеңіп алды

Ұлытау облысының дзюдошысы Нұрайлым Сәрсенбек халықаралық татамиде жүлдегер атанды. Спортшы Ақтауда өткен Азия ашық кубогінде қола медаль жеңіп алды.

17-18 қазан күндері ұйымдастырылған жарыс Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналды. Халықаралық додаға бірнеше елдің дзюдошылары қатысып, түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Қазақстан намысын қорғаған Нұрайлым Сәрсенбек 52 келіге дейінгі салмақта белдесіп, үздік үштіктен көрінді. Бұл нәтиже спортшының халықаралық деңгейдегі кезекті жетістігі болды.

Нұрайлым Сәрсенбекті және оның бапкерлерін жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.