Қоғам

«Жаңартылған Конституция – әр азамат үшін» тақырыбында Ұлытау ауданының Қарсақбай кентінде тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсінік беру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Акция барысында кент тұрғындарына арнайы әзірленген ақпараттық буклеттер таратылып, Ата Заңдағы негізгі жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар беріліп, құқықтық тақырып аясында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұндай бастамалар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.

Back to top button