Ұлытау тынысы

Ұлытау облысына қоныс аудару жалғасуда

Ұлытау облысында «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» бағдарламасы аясында қоныс аудару жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2024 жылы жоспарланған 125 адамнан (28 отбасы) 16 отбасы (70 адам) облысқа тұрақты түрде көшіп келді. 2025 жылы да бағдарлама нәтижелі жүзеге асып, 125 адамнан 27 отбасы (111 адам) жаңа өмірін Ұлытау жерінде бастады.

Ал 2026 жылы да 125 адам (28 отбасы) қоныс аудару жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін 4 отбасы (18 адам) жаңа үйлеріне көшіп, облыстың әлеуметтік және экономикалық өміріне қосылуда. Қоныс аударушыларға берілетін біржолғы материалдық көмек өтінім қабылданғаннан кейін беріледі.

Барлығы осы бағдарлама шеңберінде Ұлытау облысына 262 адам (60 отбасы) қоныс аударған. Бұл облыстың дамуына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Back to top button