Спорт
Тренд

Ұлттық ойын – ұрпаққа аманат

Ұлттық спорт күніне орай «Ұлытау» сапар орталығында мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойын – ұрпаққа аманат» атты спорттық сайыс өтті. Шараны «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалы, «Ұлытау» музей-қорығы және №1 Ұлытау тірек мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Оқушылар «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және «Бестас» ойындарынан бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысында үздіктер марапатталды.

Back to top button