Спорт
Тренд

Ұлытаулық полицей қазақ күресінен жүлделі орын алды

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресінен біріншілік өтті. Жарысқа облыстың әр ауданынан қатысушылар бақ сынады.

82 келі салмақ дәрежесінде III орынға Ұлытау ауданы полиция бөлімінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Махмут Калдыбек Махмұтұлы ие болды. Оның бұл жетістігі қызметтегі табандылығы мен спорттағы шеберлігін дәлелдеді.

Жүлделі орын алған полицейді әріптестері мен жерлестері құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Back to top button