Ұлытау тынысы
Тренд

Талап кенті маңындағы жол учаскесі толық қалпына келтірілді

Ұлытау облысының «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының хабарлауынша, Қызылорда–Жезқазған автомобиль жолының қайта жаңарту жүргізіліп жатқан 424–410 шақырым аралығында (Талап кенті маңы) жол жамылғысының бұзылуына байланысты қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ауыр жүк тиегіш автосамосвалдардың қозғалысы уақытша тоқтатылып, жол жамылғысындағы барлық ақаулар жойылды. Сонымен қатар жолды тегістеу және шұңқырларды жөндеу жұмыстары толық орындалды.

Жөндеу жұмыстарына 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, 4 жүк тиегіш, 2 грейдер және 2 каток пайдаланылды.

Қазіргі уақытта аталған жол учаскесі қанағаттанарлық жағдайға келтірілді. Сонымен қатар, 424–410 шақырым аралығында айналма жол құрылысы қатар жүргізіліп жатыр.

Back to top button