Басты жаңалық

Жезқазғанда пәтер өртенді

Бүгін сағат шамамен 06:24-те кезекші бөлімге Мира көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына алғаш болып Жезқазған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және тергеу-жедел тобы жетті.
Полицейлер көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарын қою түтін басқанын байқап, бірден эвакуация жұмыстарын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт шыққан пәтерді тексеру барысында ес-түссіз жатқан ер адам анықталды. Полиция қызметкерлері оны сыртқа алып шығып, медицина мамандарына тапсырды.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Back to top button