
Сианьда Ұлытау өңірінің инвестициялық өкілдігі ашылды
Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету орталығының ресми өкілдігі ашылды. Бұл қадам өңірдің инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, шетелдік капитал тартуға бағытталған маңызды бастама болып отыр.

Жаңа өкілдік қытайлық бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға, Ұлытау облысындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңінен таныстыруға және бірлескен жобаларды тиімді сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол инвесторлар үшін қолайлы алаң қалыптастырып, іскерлік әріптестікті нығайтуды көздейді.
Өкілдіктің негізгі бағыттары:
– өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру;
– қытайлық инвесторларды жобаларды іске асыру барысында қолдау;
– сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
– Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды күшейту.

Сиань қаласында өкілдіктің ашылуы Ұлытау облысы мен қытайлық серіктестер арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге жол ашады.
Орталық қызметі ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және өңірге инвестиция тартудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.