Ұлытау тынысы
Тренд

Бидайықтың алғашқы наубайханасы

Ұлытаулық жас кәсіпкер наубайхана ашты

Ұлытау облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар нақты нәтижесін көрсетіп келеді. Соның айқын дәлелі – Жаңаарқа ауданына қарасты Бидайық ауылында ашылған жаңа наубайхана.

Ауыл тұрғыны Нұрболат Бегдешов мемлекеттік гранттың қолдауымен кәсібін бастап, бүгінде тұрғындарды күн сайын жаңа піскен нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда наубайханада тәулігіне 100-ден астам бөлке нан өндіріліп, ауыл халқының сұранысын қанағаттандыруда.

Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкер 1 500 000 теңге көлеміндегі грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, өндірісті толық жолға қойған. Сонымен қатар, жаңа нысан екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Ең бастысы, 1400-ден астам тұрғыны бар Бидайық ауылы үшін бұл – алғашқы наубайхана. Жоба ауыл тұрғындарының күнделікті қажеттілігін өтеп қана қоймай, өңірдегі шағын бизнестің дамуына да серпін беруде.

Back to top button