Заң және тәртіп
Тренд

Жезқазғандағы саяжайлардың маңызы

Жезқазған қаласында «Саяжай» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізілді. Шара барысында қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары мен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары әуежай маңындағы саяжай алқаптарын аралады.

Рейдтің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай, полиция қызметкерлері саяжай тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, нашақорлық, алаяқтық, ұрлық секілді құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, мүлікті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нақты кеңестер берілді.

Сонымен қатар, саяжай аумақтарында күдікті тұлғаларды анықтау және заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында тексеру шаралары ұйымдастырылды. Мұндай алдын алу жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Back to top button