Ұлытау тынысы
Тренд

Ұлытауда «Құрмет» пен «Парасат» иелері анықталды

Ұлытау облысында республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Салтанатты жиын өңір басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен өтіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға атсалысқан жандарға құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар азамат «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Іс-шара барысында облыс әкімі марапат иелерін құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, референдум – ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам, ал оны жоғары деңгейде өткізуге әр азаматтың қосқан үлесі зор.

Жиын соңында өңір басшысы марапатталған азаматтарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

Back to top button