Денсаулық

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Нысамбаев тағайындалды.

Рустем Серікұлы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитариялық бөлімінде бастады.

2013-2016 жылдары Жезқазған қаласының
«Қазақмыс» медицина орталығында қызмет етті.

2016-2025 жылдары Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасында политравма бөлімшесінің меңгерушісі және хирургия қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

2025 жылдан бастап Сәтбаев қаласы ауруханасының директоры болған.

Back to top button