Ұлытау тынысы
Тренд

Ұлытауда кәсіпкерліктің маңызы артып келеді

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру, жаңа бастамаларды қолдау және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев өңірлік кеңес мүшелерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті деңгейде жүзеге асырылу барысын талқылады. Кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелер де назарға алынды.

Сондай-ақ, Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен кеңейтілген форматта жиын өтті. Онда ірі кәсіпорындармен әріптестікті нығайту, жергілікті өндірушілерге басымдық беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері сөз болды.

Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Ол «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысып, «Казтехфильтр» ЖШС-інің өндірістік әлеуетіне баға берді. Бұл кәсіпорын іштен жану қозғалтқыштарына арналған сүзгілер шығаратын еліміздегі бірегей өндіріс орындарының бірі болып саналады. Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Ол «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысып, «Казтехфильтр» ЖШС-інің өндірістік әлеуетіне баға берді. Бұл кәсіпорын іштен жану қозғалтқыштарына арналған сүзгілер шығаратын еліміздегі бірегей өндіріс орындарының бірі болып саналады.

Back to top button