
Бүгінде денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр. Солардың бірі – Qalqan платформасы. Бұл жүйе медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, пациент пен медицина ұйымы арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді.
Платформа арқылы көрсетілген барлық медициналық қызметтер бірден тіркеліп отырады. Пациент өзіне қандай қызмет көрсетілгенін көріп, оны растау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, төлем тек нақты орындалған қызметтер үшін ғана жүргізіледі.

Мұндай жүйе «жалған жазбалардың» алдын алып, деректердің нақтылығын қамтамасыз етеді. Пациенттің барлық медициналық ақпараты бір орталықтандырылған жүйеде сақталып, қолжетімді болады.
Жалпы алғанда, Qalqan платформасы денсаулық сақтау саласындағы тәртіпті күшейтіп, артық шығындарды азайтуға және бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – пациенттің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған ашық әрі әділ жүйе қалыптасуда.