Ұлытау тынысы
Тренд

ҰЛЫТАУҒА КӨШСЕҢІЗ – «АУЫЛ» ҚОРЫ МАЛ БЕРЕДІ

Ұлытау облысында көші-қон саясатын қолдау бағытында тиімді әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, әр ауылдың өз бастамасымен құрылған «Ауыл» қоры. Бұл қор арқылы өңірге қоныс аударып келген көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетіледі.

Атап айтқанда, әр отбасыға 2 жылқы, 2 сиыр және 10 бас ұсақ мал беріледі. Бұл жаңа ортаға бейімделіп, тұрмысын түзеп кетуіне үлкен қолдау болмақ.

2025 жылы Ұлытау облысына 27 отбасы қоныс аударса, 2026 жылы 28 отбасын көшіру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 14-і өңірге қоныс аударып, жаңа өмірін бастап үлгерді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында өткен қоныс аудару жәрмеңкесіне Ұлытау облысы арнайы қатысып, өз мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды. Іс-шара барысында өңірдегі әлеуметтік қолдау шаралары мен жұмыс мүмкіндіктері ұсынылып, қоныс аударуға ниетті азаматтарға жан-жақты ақпарат берілді.

Back to top button