
Ұлытау облысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыстық Полиция департаменті мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында арнайы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын есірткі мәселесіне аудару, олардың бойында зиянды заттарға қарсы теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шығармашылық додаға жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып әзірленген қысқа анимациялық бейнероликтер қабылданды. Қатысушыларға жұмыстарды дайындауға арналған арнайы форматтар ұсынылды. Қазылар алқасы әр жұмысты тақырыпқа сәйкестігі, идеяның жаңашылдығы, креативтілігі, сюжеттік желісі, анимация мен монтаж сапасы, сондай-ақ әлеуметтік маңыздылығы бойынша бағалады.