Ұлытау тынысы
Тренд

Аулаңды көркейтіп, 150 000 теңге жеңіп ал!

Сәтбаев қаласында «EcoSculpt» экологиялық жобасы іске қосылады

Сәтбаев қаласында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамыту және тұрмыстық қалдықтарға (пластик, резина және т.б.) екінші өмір сыйлау мақсатында «EcoSculpt» шығармашылық жобасы ұйымдастырылуда.

Жобаға қала тұрғындарының барлығы қатыса алады. Команда құрамында 1-ден 5 адамға дейін болуы мүмкін, жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, щетка, шелек, қолғап және бояулар ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау 4–8 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Жобаға қатысты қосымша ақпаратты +7 776 204 4585 (Жұлдызай) нөмірі арқылы алуға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тұрғындарды табиғатты қорғауға баулып қана қоймай, қаланың көркеюіне де өз үлесін қосады.

Back to top button