Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

Сенбілік фестивальге айналды

Ұлытау облысында Open Air Senbilik өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысында фестиваль форматындағы сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті мекеме қызметкерлері мен тұрғындар белсенді қатысты.

Сенбілікке 300 адам жұмылдырылып, 6 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 5 гектар аумақ тазартылып, 77 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, спорттық және мәдени бағдарламалармен жалғасты. Қатысушылар үшін түрлі белсенділіктер ұйымдастырылып, көңілді атмосфера қалыптасты.

Сенбілік соңында белсенді қатысушылар марапатталып, қала кәсіпкерлері де қолдау көрсетіп, сусындар таратты.

Back to top button