Ұлытау тынысы
Тренд

Бұл да бір біткен іс: 7 көше асфальтталды

Жезқазған қаласындағы Бегенбай батыр ықшам ауданында жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Аталған ықшам ауданда орташа жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, биыл толық жүзеге асырылды. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 7 көше асфальтталды. Атап айтқанда, Заводская, Щорса, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майқұтова және Шинтуринов көшелері жаңартылды.

Ықшам аудан теміржол желісімен екіге бөлінгендіктен, 2024 жылы оның бір бөлігіндегі көшелер жөнделсе, биыл қалған бөлігі толық қамтылып, инфрақұрылым жүйесі жаңартылды.

Back to top button