Ұлытау облысының тұрғындарына арналған жаңа сервис: экологиялық мәселелерді TazaQazBot арқылы хабарлауға болады

Ұлытау облысының тұрғындары енді қаладағы тазалық пен абаттандыруға қатысты мәселелерді бірнеше минут ішінде онлайн жолдай алады.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іске қосылған TazaQazBot Telegram-боты арқылы тұрғындар санитарлық тазалық, абаттандыру және қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөнінде өтінім бере алады.
Ботты пайдалану өте қарапайым. Өтінім беру барысында мәселенің қысқаша сипаттамасын жазып, оқиға орнынан фотосурет жүктеуге және нақты орналасқан жерін карта арқылы көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл жауапты мекемелердің мәселені жедел қарауына және тиісті шара қабылдауына көмектеседі.
Егер сіз заңсыз қоқыс үйіндісін, тазаланбаған аумақты, абаттандыруды қажет ететін орынды немесе басқа да экологиялық мәселені байқасаңыз, оны TazaQazBot арқылы бірден хабарлай аласыз.
Telegram-ботқа сілтеме: https://t.me/TazaQazBot
Таза әрі жайлы өңір қалыптастыру – әр тұрғынның ортақ міндеті. Табиғатқа жанашырлық танытып, туған өлкенің тазалығын бірге сақтайық.