Қоғам
Жезқазған — Қарағанды бағытындағы әуе рейсі қайта іске қосылды

2026 жылғы 8 шілдеден бастап Жезқазған мен Қарағанды қалалары арасындағы тұрақты әуе рейсі қайта жанданады.
Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды. Ұшулар аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Бағытта Bombardier CRJ-200 үлгісіндегі 50 орындық әуе кемесі қызмет көрсетеді.
Билет бағасы 13 000 теңгеден басталады.
Ұшу кестесі:
* Жезқазған – Қарағанды: ұшу уақыты – 11:35;
* Қарағанды – Жезқазған: ұшу уақыты – 16:35.