Қоғам

Қазақстандықтар енді 15 наурызда демалады

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке бекітілді. Енді 15 наурыз — Конституция күні ретінде ресми түрде аталып өтеді және бұл күні қазақстандықтар демалады. Бұған дейін Конституция күні жыл сайын 30 тамызда тойланып келген.

Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Ол биылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған болатын. Құжат елдің мемлекеттік басқару жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізеді.

Сондай-ақ жаңа Конституцияға сәйкес, бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылады. Осыған байланысты алдағы уақытта Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Back to top button