Ұлытау тынысы

Ұлытаудың креативті өнімдері Елордада жоғары бағаланды

Астанада өткен Creative Aimaq көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын аяқтап, Ұлытау өңірінің креативті әлеуетін кеңінен таныстырды.

Биылғы жобаның басты ерекшелігі – Ұлытаудың тарихи-мәдени мұрасын ұлттық өнер мен заманауи креативті индустриялар арқылы насихаттау болды. Көрмеде ұлттық қолөнер бұйымдары, этно-сән үлгілері, дизайнерлік жұмыстар мен цифрлық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме аясында өңір шеберлері мен кәсіпкерлері өз өнімдерін елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырып қана қоймай, оларды сатуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 18–19 шілде күндері өткен көрме-жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келген. Нәтижесінде Ұлытау өңірі креаторларының өнімдері жалпы сомасы 6 миллион теңгеге сатылды.

Осылайша, Creative Aimaq жобасы Ұлытаудың бай мәдени мұрасын елорда жұртшылығына таныстырып қана қоймай, өңірдегі креативті экономиканың дамуына серпін берген маңызды алаңға айналды.

Back to top button