Қоғам

Жезқазғанда заманауи демалыс аймағы салынып жатыр

Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасының жағалау аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруды көздейді.

Абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталған. Құрылыс жоспарға сәйкес биылғы қыркүйек айында аяқталады.

Жоба аясында жалпы 10 гектар аумақ абаттандырылып, 10 мың шаршы метр жерге көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар жағалауда заманауи шағын сәулет нысандары (МАФ), серуендеу жолдары, демалыс орындары, жарықтандыру жүйесі және басқа да инфрақұрылым элементтері орнатылады.

Жаңартылған жағалау отбасылық демалысқа, серуендеуге және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жаңа қоғамдық кеңістікке айналмақ. Бұл жоба қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жобаны қаржыландыруды «Қазақмыс» компаниясының акционерлері жүзеге асыруда.

Back to top button