Заң және тәртіп

Жезқазғанда дропперлік үшін сот үкімі шықты

Жезқазған қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында тұрғындарды дропперлік әрекеттерден сақ болуға шақырады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұстанымдардың бірі. Соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдерінің бірі – дропперлік.

Дроппер – өзінің банк картасын немесе банктік шотын үшінші тұлғаларға ақшаны заңсыз аудару, қолма-қол ақшаға айналдыру немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатты жасыру мақсатында пайдалануға беретін адам.

Жезқазған қаласының прокуратурасының мәліметінше, қала тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни материалдық сыйақы алу мақсатында үшінші тұлғаға өзінің банктік шотын заңсыз пайдалануға бергені үшін кінәлі деп танылды. Сот оған тиісті жаза тағайындап, үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарды банк карталары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз қаржылық операцияларға қатыспауға шақырады.

Мамандардың айтуынша, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау – қоғамдағы қауіпсіздік пен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Back to top button