Қоғам

Мемлекет сауда саласындағы кәсіпкерлерге несие пайызын субсидиялайды

Сауда саласында кәсіп жүргізетін кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау бағдарламасына өтінім қабылдау басталды.

Бағдарлама аясында бизнесті дамыту мақсатында алынған немесе рәсімделуі жоспарланған несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл кәсіпкерлердің несие бойынша төлемін азайтып, қаржылық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қолдау алу үшін кәсіпкерлер алдымен «Даму» қорының өңірлік филиалына жүгініп, кез келген екінші деңгейлі банктен несие рәсімдеуі қажет. Несие мақұлданғаннан кейін өтінім online.damu.kz платформасы арқылы жолданады. Өтінім оң шешім алған жағдайда субсидиялау туралы келісімге қол қойылады.

Бағдарлама облыстық маңызы бар қалаларда, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылатын жобаларды қамтиды.

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік филиалдарға хабарласуға немесе 1408 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Толық ақпарат – damu.kz сайтында.

Back to top button