Басты жаңалық
Сәтбаевта «Pink Barbie» образындағы қыздар дауыс беруге келді
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында сайлау күні ерекше образымен көзге түскен қыздар дауыс беруге келді.

Қыздар бірыңғай қызғылт түсті киім киіп, «Pink Barbie» стиліндегі образды таңдаған. Олар Сәтбаев қаласындағы №45 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Дауыс беру учаскесіне ерекше стильде келген топ сайлау күнінің атмосферасына өзіндік реңк қосты. Қызғылт түсті көйлек пен костюмдер, бірдей бантиктер олардың образын біртұтас етіп көрсетті.

Осылайша, Сәтбаев тұрғындары маңызды саяси науқанға қатысуды креативті форматпен ұштастырды. Ерекше образдағы сайлаушылар учаскеге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасады.