Ұлытау тынысы

Zhez Life кросс-ақпараттық платформасының бас редакторы Айбек Әміртегі өз дауысын берді

Бүгін, 23 тамызда, Zhez Life кросс-ақпараттық платформасының бас редакторы Айбек
Әміртегі Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Айбек Әміртегі сайлауға қатысу әр азаматтың конституциялық құқығы екенін атап өтіп,
дауыс беру кезінде ең алдымен азаматтық ұстаным маңызды екенін жеткізді.

«Біз күн сайын еліміздің болашағы, өңіріміздің дамуы, қоғамдағы өзгерістер туралы
айтамыз. Сынаймыз, ұсыныс білдіреміз, жақсы өзгерістерді күтеміз. Бірақ
азаматтың қолындағы ең маңызды мүмкіндіктердің бірі — өз шешімін өзі қабылдау.
Менің таңдауым — менің жеке ұстанымым. Оны мен үшін ешкім жасамайды.
Бүгін мен өз дауысымды бердім.», — деді Айбек Әміртегі.

Бүгін Қазақстан бойынша Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ел
аумағындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды.
Сайлау учаскесіне келген азаматтар белгіленген тәртіппен өз таңдауын жасап, дауыс
беруге қатысуда

Back to top button