Ұлытау облысының жастары спорттан көш бастап тұр

Ұлытау облысының жастары салауатты өмір салтын ұстану бойынша еліміздегі белсенді өңірлердің қатарынан көрінді.
2026 жылғы сауалнама нәтижесіне сәйкес, өңірдегі 17-28 жас аралығындағы жастардың 28,9 пайызы дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл — Қазақстан бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Жастардың спортқа қызығушылығы жөнінен Ұлытау облысынан жоғары нәтижені тек Маңғыстау облысы — 48,1 пайыз және Қызылорда облысы — 31 пайыз көрсеткен.
Ұлытаулық ер азаматтар спортпен ұйымдасқан түрде айналысу көрсеткіші бойынша да көш бастап тұр. Атап айтқанда, өңір тұрғындарының 21,9 пайызы спорт секциялары мен арнайы топтарға қатысады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Маңғыстау облысынан кейін екінші орында.
Жалпы, қазақстандық жастар дене белсенділігін арттырудың түрлі жолдарын таңдайды. Бірі спорт секциялары мен жаттығу залдарына барса, енді бірі жүгіру, үй жағдайында жаттығу жасау немесе ашық алаңдарда спортпен айналысуды жөн көреді.
Мұндай көрсеткіштер жастар арасында спортқа деген қызығушылықтың артып, салауатты өмір салтының күнделікті әдетке айналып келе жатқанын көрсетеді.