Қарттар күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

1 қазан – Қарттар күніне орай Ұлытау облысында жасына байланысты ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.
Аталған әлеуметтік төлем «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы алатын 6 199 зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем аударылуда.
Маңызды! Төлемді алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат тиісті санатқа жататын азаматтардың есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Төлемдерді аудару жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында жүргізіледі.
Мемлекет тарапынан қарт азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың лайықты өмір сүруіне және қоғам өміріне белсенді араласуына ерекше көңіл бөлінуде.
Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың ел дамуына қосқан еңбегін бағалайтын ерекше күн.
Ардақты қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!