Спорт

Ұлытаулық Еркежан Наукенова — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Ұлытау облысының спортшысы Еркежан Наукенова самбодан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Әлемдік дода Грекияның Салоники қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге әлемнің үздік жас самбошылары қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Ұлытау облысының намысын қорғаған Еркежан Наукенова жарыс қорытындысында үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қола медаль салды.

Бұл — спортшының халықаралық аренадағы кезекті жетістігі. Еркежанның жеңісі Ұлытау спортының абыройын асқақтатып, өңірдегі жас спортшыларға да серпін берері сөзсіз.

Еркежан Наукенованы жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан көк байрағын биікте желбірете берсін!

Back to top button