Басты жаңалық

Ұлытау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұртас Кәріпбаев тағайындалды.

Нұртас Ғалымұлы 1986 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Басқару және мемлекеттік саясат» саласында магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолын Қарағанды облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған. Кейін облыс әкімдігі аппаратында және денсаулық сақтау мен кәсіпкерлік саласындағы басқармаларда басшылық қызмет атқарған. 2022–2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, кейін осы комитеттің төрағасы болды.

Жаңа қызметінде ол экономика, қаржы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, мемлекеттік сатып алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және денсаулық сақтау салаларына жетекшілік етеді.

Back to top button