Басты жаңалық
Ұлытау облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, аймақ тұрғындарының өтініштері мен мәселелерін тыңдады. Қабылдауға бес азамат қатысып, өздері үшін маңызды салаларға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындар жер телімін жекешелендіру, өнер және білім саласы, «Көші-қон» бағдарламасы аясында баспана беру, кәріз жүйесі, жол инфрақұрылымы және ыстық судың сапасы бойынша мәселелерді көтерді.
Әкім әрбір өтінішті жеке қарастырып, тиісті тапсырмаларды қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ жауапты басқармаларға жүктеді.
Ұлытау облысы әкімінің жеке қабылдауына жазылу +7 (7102) 60-02-96 нөмірі арқылы немесе E-otinish ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.