Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

Ұлытау облысында кореялық инвестормен ірі жобалар талқыланды

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Оңтүстік Кореяның «Microbus» компаниясының бас директорымен кездесті. Тараптар өңірде стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Microbus» – өнеркәсіп және инфрақұрылым салаларында жобалар жүргізетін халықаралық компания. Келіссөздер барысында Ұлытау облысында мыс кабелін өндіретін зауыт салу, көлік-логистикалық орталық құру және жылу-энергетикалық орталықтың құрылысын қолға алу перспективалары қарастырылды.

Жоспарланған жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, көлік инфрақұрылымын дамытуға, энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Сондай-ақ бұл бастамалар облыстың инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша инвесторлар Ұлытау облысында өз өкілдігін ашуға ниет білдірді. Сонымен қатар жобаларды тиімді іске асыру үшін облыс әкімдігімен бірлескен жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өңір басшысы шетелдік серіктестерге қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, барлық жоспарланған бастамаларды жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Back to top button