Туризм
Ұлытау облысында туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Эмиль Мисбахов Қазақстан туристік қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Басқосуда өңірдің туристік әлеуетін бірлесіп дамыту бағыттары қарастырылды.
Кездесу барысында Ұлытау облысының туристік маршруттарын ілгерілету, өңірдің тартымды имиджін қалыптастыру және инфотур ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Инфотур өткізу туроператорлар мен сарапшыларға аймақтың мүмкіндіктерін таныстыруға, туристік кластер қалыптастыруға және келушілер ағынын арттыруға жол ашпақ.
Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.