Қоғам

Желілік Конституцияны жаңарту: пікір алмасу алаңы

Жезқазған гуманитарлық колледжінде студенттер арасында «Желілік Конституцияны жаңарту» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, жастардың өз ойларын ашық білдіруіне мүмкіндік берілді.

Кездесу барысында қатысушылар Конституциядағы соңғы өзгерістер мен жаңартулардың қоғам өміріне әсері, жастардың құқықтық сауаттылығының артуы, сондай-ақ демократиялық құндылықтарды қолдау мәселелерін талқылады. Студенттер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, белсенді түрде ой бөлісті.

Сонымен қатар, өңір жастарының бастамаларын біріктіретін Birlik Community жобасы таныстырылды. Жоба жастардың әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыру, шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ өңірлік бастамаларды біріктіру мақсатында құрылған. Қатысушыларға жобаның мақсат-міндеттері мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жастарды қатысуға шақырылды.

Кездесу жастардың құқықтық білімін арттырумен қатар, оларды қоғамдық өмірге белсенді араластыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Back to top button