Ұлытау облысында шахматтан ҚР Парламенті Сенатының III ашық кубогы өтті

Ұлытау облысында Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен шахматтан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының III ашық кубогы өтті. Турнир Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Зияткерлік дода өңірдің барлық күштік құрылымдары арасында өтіп, оған 40-тан астам қызметкер қатысты. Қатысушылар тоғыз турдан тұратын жарыста өзара мықтыны анықтады. Швейцариялық жүйе бойынша өткен бәсеке барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және төзімділігін көрсетті. Турнир кезінде командалық бірлік пен өзара қолдау ерекше байқалды.
Жарыс қорытындысы:
1 орын — Экономикалық тергеу департаменті
2 орын — Төтенше жағдайлар департаменті
3 орын — Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент
4 орын — Ұлытау облысы Полиция департаменті
5 орын — Жезқазған қаласы Полиция басқармасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.