15 наурыз референдумы: Жезқазған еңбек ұжымымен кездесу

Жезқазған мұнай құбыры басқармасында жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңіріндегі мүшелері Ерлан Мырзабеков пен Оразалы Бақырбаев Жезқазған қаласындағы мұнай құбыры басқармасының еңбек ұжымымен жүздесті.
Кездесу барысында 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілетін жаңашыл бастамалар, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және елдің орнықты дамуына бағытталған нормалар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Өз кезегінде мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдіріп, 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысатындықтарын жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.