Басты жаңалықСпорт

Ұлытау жас дзюдошылары жүлдемен оралды

Жезқазған қаласында 2014–2015 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан ашық біріншілік өтті. Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дзюдо күресін насихаттау және оқушыларды спортпен тұрақты айналысуға тарту.

Аталған додада «Ұлытау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, Марат Айша (30 кг), Қайырбек Бағжан (26 кг), Есенқабыл Хангелді (29 кг), Сабиғазы Санжар (32 кг) және Молдағали Бекнұр (23 кг) өз салмақ дәрежелерінде үздіктер қатарынан көрінді.

Жас палуандарды жарысқа жаттықтырушылар Есілбай Ожкенов, Ардақ Ожкенов және Әділет Бейбіт дайындады.

Back to top button