
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалымен бірлесіп, құрылыс, логистика және көлік салалары бойынша салалық кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Жиынға «Қазтехфильтр» ЖШС, «ҚазАвтоЖол» өкілдері және «Қызылорда – Жезқазған» республикалық маңызы бар автожолын реконструкциялап жатқан мердігер компаниялардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Қазтехфильтр» ЖШС өндіретін ауа сүзгілерін ірі инфрақұрылымдық жобаларда қолдану мүмкіндіктері талқыланып, отандық өнімді қолдау мәселесіне назар аударылды.