Қоғам
Тренд

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

Республикалық референдум аясында еліміздің бірқатар қоғам және мемлекет қайраткерлері өз таңдауларын жасап, дауыс беруде. Солардың қатарында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та бар.

Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.

«Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын», – деді Ерлан Қошанов.

Back to top button