
Ұлытау облысындағы №18 және №28 референдум учаскелерінде сайлаушылар легі үздіксіз келеді. Тұрғындар өз таңдауын жасап қана қоймай, арнайы фотозонада естелік суретке түсіп, тарихи сәтті бөлісуде.
Учаскелерде ақпараттық көрнекілік толық ілінген. Келушілер алдымен ақпаратпен танысып, кейін дауыс береді. Референдум учаскелерінің төрағасы мен мамандар туындаған сұрақтарға дереу жауап беріп отыр.