Қоғам
Тренд

Ұлттық киім киген әжелер референдумда дауыс берді

Ұлытау облысында бір топ ақ жаулықты әже бүгінгі референдум күні дауыс беру учаскесіне ұлттық киім киіп, бірге келді. Қаздай тізіліп келген әжелер өздерінің әрдайым осылай бірге жүретінін айтып, бүгін де ел болашағы үшін маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келгендерін жеткізді.

Азаматтық белсенділік танытқан әжелерге учаске тарапынан естелік сыйлықтар табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.

Back to top button