
2026 жылғы 14–15 наурыз күндері Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» спорт сарайында 2010–2011 жылы туған кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында самбодан Ұлытау облысының чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға өңірдің түкпір-түкпірінен 120-ға жуық спортшы қатысып, өзара тартысты белдесулер өткізді. Жас балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс жолында бар күш-жігерін салды.
Айта кету керек, бұл жарыс 20–24 сәуір күндері Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Облыс намысын қорғайтын үздіктер осы додада анықталды.