Мәдениет
Тренд

Жезқазғанда дін психологиясына арналған семинар өтті

Жезқазған қаласында өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – діни сауаттылықты арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту.

Семинар спикері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеншілік Тышханұлы дін психологиясының негізгі бағыттары, діни сенімнің тұлға қалыптасуына әсері және қоғамдағы рухани құндылықтардың маңызы туралы кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің заманауи әрі тиімді тәсілдері талқыланып, қатысушыларға практикалық ұсыныстар берілді. Семинар соңында мамандар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Back to top button