
«Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері Жезқазған қаласында арнайы көрме ұйымдастырды.
Көрмеде халқымыздың бай мұрасын айшықтайтын ұлттық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен танысып, ұлттық құндылықтардың маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында Наурыз мерекесінің мән-маңызы кеңінен насихатталып, ұлттық дәстүрлер дәріптелді. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақты рухани байытып, елдік құндылықтарды ұлықтауға ықпал етеді.