Қоғам
Ұлытау облысы ТЖД-ның ресми өкілі тағайындалды

Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі болып Қасым-Жомарт Бақытжанұлы Көбейсін тағайындалды.
Қасым-Жомарт Көбейсін 2001 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, 2024 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2024 жылдың қараша айында бастаған. Бұған дейін департаменттің Имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының баспасөз хатшысы қызметін атқарып, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты дамытуға үлес қосты.