Спорт
Тренд

Ұлытаулық Алуа Қазыкан ел кубогында топ жарды

Ұлытау облысының спортшысы Алуа Қазыкан 56 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, өңір мерейін үстем етті.

Жарыс барысында спортшы жоғары шеберлік пен табандылық танытып, қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл жеңіс – ұзақ уақыт бойы жүргізілген жүйелі дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі.

Алуаның жетістігінде бапкері Рахымжанұлы Архаттың еңбегі зор. Тәжірибелі жаттықтырушы шәкіртін кәсіби деңгейде шыңдап, үлкен спорттағы биік белестерді бағындыруға бағыттап келеді.

Аталған жеңіс – тек спортшының жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Ұлытау өңірі спортының дамып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл табыс жас спортшыларға үлгі болып, жаңа жеңістерге жол ашады.

Back to top button